YourTango басылымына 20 жылдан астам тәжірибесі бар астролог Руби Миранда жазғандай, сенбі күні белгісіздіктен шаршаған жандар үшін бетбұрыс сәті болады. Тоқты белгісіндегі өсіп келе жатқан Ай күрделі жағдайлардан шығудың жолын көруге және болашаққа сеніммен қарауға көмектеседі.
Суқұйғыш
Бұл белгі өкілдеріне күш-қуатының азайған кездері жақсы таныс. Алайда олар жағымсыз ойларға берілмеуге тырысады. Суқұйғыштар тіпті қиын кезеңдердің өзінен жақсы нәрсе іздей біледі.
21 қарашада Тоқты белгісіндегі өсіп келе жатқан Ай оларға дұрыс бағытты көрсететін шамшырақ іспетті болады. Айналасындағылар күмәнмен қараса да, болашаққа деген сенім Суқұйғыштарға алға ұмтылуға күш береді. Олар алда бұдан да жарқын күндер күтіп тұрғанына көз жеткізеді.
Балықтар
Балықтар қандай жағдай болса да үмітін үзбейді. Тіпті бәрі ойдағыдай болмай жатқандай көрінсе де, кез келген құлдыраудан кейін өрлеу кезеңі келетінін жақсы біледі.
Сенбі күні олардың осы ішкі сенімі бұрынғыдан да күшейеді. Айналасында алаңдауға себеп көп болғанымен, Балықтар сыртқы жағдайлардың көңіл күйіне әсер етуіне жол бермейді. Оқиғаларға дұрыс көзқарас таныту арқылы жан тыныштығын сақтай алады.
Мерген
Мергендер зодиак белгілерінің ішіндегі ең оптимист жандардың бірі саналады. Олардың қандай жағдай болса да жақсылықтан үміт күтуі қиындықтарды еңсеруге, бастаған ісін аяқтауға және жігерін жоғалтпауға көмектеседі.
21 қарашада бұл ішкі сенім еселене түседі. Алаңдатарлық жаңалықтарға қарамастан, Мергендер болашақтың өз пайдасына шешілетініне сенеді. Позитив көзқарас олардың басты қорғанына айналады.