Мамандардың мәліметінше, Күн белсенділігі төмендеп жатыр. Кейінгі тәулікте C9.6 класына жататын бір ғана елеулі жарқыл тіркелген. Ғалымдар белсенділіктің төмендеуі демалыс күндерінің соңына дейін жалғасады деп болжайды.
Қазір Күн бетінде бес шағын топқа біріктірілген он шақты дақ бар. Олардың барлығы белсенділіктің ең төменгі деңгейіне жататын альфа және бета санаттарына кіреді.
21 және 22 қарашада, сенбі мен жексенбіде геомагниттік жағдай тыныш болады. Күшті магниттік дауылдардың болу ықтималдығы жоқ.
Алайда 23 қараша, дүйсенбіде жағдай өзгеруі мүмкін. Ғалымдардың есебінше, Жерге алдыңғы күні болған күн плазмасының шағын лақтырылуы әсер етуі ықтимал. Бұл геомагниттік ауытқуларға әкелуі мүмкін.
Бұдан бөлек, Күнде шағын тәждік қуыс пайда болған. Оның Жерге әсері 27-28 қарашада байқалуы мүмкін. Екі жағдайда да әсері әлсізден орташа деңгейге дейін болады деп болжанып отыр.
Мамандар келесі аптаның басында Күн белсенділігінің индексі нөлге дейін төмендеуі мүмкін екенін атап өтті.