СҚО-да шаяндарды заңсыз аулаған екі ер адам түрмеге қамалды

Сурет: Zakon.kz/ЖИ
Ақмола облысының екі тұрғыны Солтүстік Қазақстан облысындағы көлдердің бірінен Artemia salina шаяндарын заңсыз аулағаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы шілдеде екі ер адам алдын ала сөз байласып, Тайынша ауданындағы көлдердің біріне барған. Олар түнде заңсыз жолмен 336,4 келі шаян аулап, сатуды жоспарлаған.

Алайда олжаларын сатып үлгермеді. Полицейлер ер адамдарды ұстап, ауланған шаяндар мен аулау құралдарын тәркіледі.

Мемлекетке келтірілген экологиялық шығын 5 952 104 теңге болды.

Сотта айыпталушылардың екеуі де кінәсін мойындап, өкінетінін айтты әрі келтірілген шығынды толық өтеді. Алайда сот пайдакүнемдік мақсатты, алдын ала сөз байласуды және келтірілген шығын көлемін ескеріп, оларды бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.

Рақымшылықты ескере отырып, әрқайсысы бір жылға сотталды. 2026 жылғы 21 қыркүйектегі үкім заңды күшіне енді.

Айта кетейік, Artemia salina шаяндары – балық өсіруде, фармацевтикада және басқа да салаларда қолданылатын бағалы су биоресурсы. Оларды бақылаусыз аулау су айдындарының экожүйесіне зиян келтіреді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін марапаттады

Халқы ең жас елдер анықталды: Қазақстан нешінші орында

"Мұндай ауқым бұрын-соңды болмаған": Дубай тарихтағы ең ірі әуежай көшіне дайындалып жатыр

Димашқа Мексикада Мұхаммед Әли мен Тайсон иеленген белбеу берілді

Тоқаев Азамат Кескінбаевты қызметінен босатты