Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде градирняның ағаш торламасының ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Оқиға орнында жедел түрде өрт сөндіру штабы құрылды.Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, градирняда жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Оқиға өндірістік процеске әсер еткен жоқ, кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп тұр.