Fitch Ratings "Самұрық-Қазына" қорының рейтингтерін тұрақты болжаммен растады

Сурет: Самұрық-Қазына
Халықаралық Fitch Ratings агенттігі "Самұрық-Қазына" АҚ-ның кредиттік рейтингісін BBB деңгейінде, болжамын "Тұрақты" деп, ал "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның рейтингісін BBB- деңгейінде, болжамын "Тұрақты" деп растады.

Агенттіктің бағалауы бұрынғыдай екі ұйымға да мемлекет тарапынан қолдау көрсету ықтималдығының жоғары екеніне негізделген.

"Самұрық-Қазынаның" рейтингісі егеменді рейтингісімен теңестірілген. Себебі Fitch агенттігі мемлекеттің төтенше қолдау көрсету ықтималдығын кепілдендірілген (Virtually Certain) деп бағалайды. Бұл мемлекеттің қордың жалғыз акционері болуымен, оның басшылығын тағайындауымен және қорды стратегиялық мемлекеттік міндеттерді іске асыру құралы ретінде пайдалануымен байланысты.

ҚТЖ рейтингісі бір саты төмен және мемлекеттің қолдау көрсету ықтималдығының өте жоғары (Extremely Likely) екендігін, сондай-ақ компанияның дербес кредиттік бейінінің bb- деңгейінде екенін көрсетеді.

ҚТЖ толығымен "Самұрық-Қазына" қоры арқылы мемлекетке тиесілі және ұлттық теміржол операторы қызметін атқарады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда