Химик-инженер болғысы келетін талапкерлерге ҰБТ-да таңдау беріледі

Фото: Национальный центр тестирования
2027 жылы "Химиялық инженерия және процестер" білім беру бағдарламалары тобына түсетін талапкерлер бейіндік пәндер ретінде "Химия – физика" немесе "Химия – биология" комбинациясының бірін таңдай алады. Бұл туралы ҚР Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді.

Орталықтың мәліметінше, мұндай шешім талапкерлердің өтініштерін ескере отырып қабылданған. Өтпелі кезеңде талапкерлер өз қызығушылығы мен жоспарына қарай екі комбинацияның бірін таңдай алады.

"Химия – биология" пәндер комбинациясына көшу туралы ұсынысты Республикалық оқу-әдістемелік кеңес пен жұмыс беруші кәсіпорындар көтерген. Өзгерістің мақсаты – талапкерлердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, саладағы кадр тапшылығын шешу.

Жаңа комбинация грант иегері атануға да көбірек мүмкіндік береді. Себебі бұл жағдайда талапкерлер білім берудің төрт бағыты бойынша, оның ішіндегі 18 мамандыққа конкурсқа қатыса алады. Ал бұрынғы "Химия – физика" комбинациясымен тек бір бағытқа ғана түсуге мүмкіндік бар.

"Химия – биология" комбинациясына толық көшу 2028 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу науқанынан бастап жоспарланған.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 2027 жылдан бастап болашақ химик-инженерлер ҰБТ-ны "Химия – физика" орнына "Химия – биология" комбинациясымен тапсыруы мүмкін екені талқыланған еді. Бұл жоспар физика пәніне дайындалып, қосымша курстарға ақы төлеген түлектер мен олардың ата-аналарының алаңдаушылығын туғызған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда