Шымкент қаласының полиция департаменті 2026 жылғы 23 қарашада хабарлағандай, оқиға 18 қарашада болған. Қаладағы дәмханалардың бірінде келушілер мен күзетшілер арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан.
Полицейлер төбелеске қатысқандардың барлығын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ Шымкентте "Жаяу жүргінші" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Он күн ішінде полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 16 мыңнан астам дерегін анықтады.