Павлодарда түтін шыққан үйге асыққан полицейлер үш адамды өрт қаупінен аман алып қалды

Фото: Zakon.kz
Патрульдік полиция қызметкерлерінің қырағылығы мен жедел әрекетінің арқасында жеке тұрғын үйде болған өрт қаупі кезінде бір отбасы аман қалды.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Дәурен Қамзин мен Болат Бекмағамбет патрульдеу барысында жеке тұрғын үйлердің бірінен қою түтін шығып жатқанын байқайды. Полицейлер жағдайдың қауіпті екенін аңғарып, дереу әрекетке кірісті.

Түтін шыққан үйді анықтаған соң, қоршаудан асып өтіп, ішінде адамдардың бар-жоғын тексеру үшін үйге кірген. Тексеру барысында үйде екі ересек адам мен бала бары анықталды. Ересектер ұйықтап жатқандықтан, үйдегі өрт қаупін байқамаған.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды оятып, қауіп туралы ескертіп, өрт сөндіру қызметін шақырды. Олардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында отбасыға төнген қауіп туралы уақытылы хабар беріліп, қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды.

Бұл оқиғада полицейлердің кәсіби дайындығы мен адам өміріне деген жауапкершілігі айқын көрінді. Олар түтінді байқап қана қоймай, қауіпке бейжай қарамай, адамдардың амандығы үшін қажетті шараларды жедел қабылдады.

Қырағылық, батылдық және шұғыл әрекет етуге дайын болу – Дәурен Қамзин мен Болат Бекмағамбеттің бойынан табылған қасиеттер. Олардың бұл әрекеті халыққа қызмет етудің, азаматтардың қауіпсіздігі мен өмірін қорғаудың жарқын үлгісі.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды