Айтыскер ақын Нұрлан Есенқұловтың "Шабыт шалқығанда" кітабының тұсаукесері өтті

Сурет: Шымкент әкімдігі
Шымкентте айтыскер ақын Нұрлан Есенқұловтың "Шабыт шалқығанда" атты кітабының тұсауы кесіліп, оқырманға ақынның жылдар бойы жинақталған шығармашылық мұрасы таныстырылды.

Қалалық әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында өткен әдеби-мәдени кешке қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі, филология ғылымдарының докторы, айтыскер ақын Аманжол Әлтай, жазушы Момбек Әбдіәкімұлы, ақын Құрбанәлі Кенжебаев, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер мен өнер иелері қатысты.

Сурет: Шымкент әкімдігі

Жиын барысында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек ақынды кітабының жарық көруімен құттықтап, қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің арнайы құттықтау хатын оқып берді. Онда Нұрлан Есенқұловтың ұлттық өнерді дамытуға қосып жүрген үлесі мен шығармашылығының маңызы атап өтілді.

Сурет: Шымкент әкімдігі

Ақынның қуанышына ортақтасып, арнайы келген айтыскер ақын Серік Қалиев Нұрлан Есенқұловтың өнердегі жолына тоқталып, оның айтыстағы суырыпсалмалық қабілеті мен шеберлігін жоғары бағалады. Інісіне ақ тілегін арнап, иығына шапан жапты.

Кітап авторы Нұрлан Есенқұлов бұл жинаққа әр жылдары өткен 23 айтыстағы жырлары енгенін айтты. Оның сөзінше, кітапта елдік мәселелер, қоғамдағы өзекті тақырыптар мен ұлы тұлғаларға арналған толғамдар қамтылған. Ақын әсіресе айтыскер ақын Ринат Зайытовпен өткен айтыстың шығармашылық жолында алар орны ерекше екенін атап өтті.

Сурет: Шымкент әкімдігі

"Бұл – жылдар бойы жинақталған еңбегімнің нәтижесі. Мен үшін айтыскер ақын Ринат Зайытовпен болған сөз додасының орны ерекше. Осы айтыста халықтың ықыласына бөленіп, көпшілікке танылдым. Жалпы, айтыс – жай ғана екі ақынның сөз жарыстыруы емес, онда елдің жоғын жоқтап, халықтың көкейіндегі мәселелерді қозғайсың. Сондықтан жинақты қолға алған оқырман қазақтың төл өнерінің ерекшелігін танып, айтыста есімі аталған тұлғалар туралы айтылған сөздерді де біле жүрсе, мақсатымның орындалғаны", – деді ақын.

Сурет: Шымкент әкімдігі

Әдеби кеш ары қарай ақынға арналған арнау жырлар мен әсем әндермен жалғасты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады