Қызылордада жазадан жалтарып жүрген сотталған азамат ұсталды

Сурет: polisia.kz
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жедел тобының қызметкерлері пробация қызметінің есебінен жалтарып жүрген сотталған азаматты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, сот үкімімен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып пробациялық бақылауға алынған.

Алайда сотталған азамат сот жүктеген міндеттерді орындамай, пробация қызметіне белгіленген уақытта тіркелуге келмей, қашып жүрген. Осыған байланысты аталған сотталғанға қатысты бастапқы іздестіру шаралары жүргізілген.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде ҚАЖ департаментінің жедел тобы мен Сырдария аудандық пробация қызметкерлері сотталғанның жүрген жері анықтап, ұстады.

Қазіргі уақытта оған қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін іс- құжаттары жинақталып, Сырдария аудандық сотына жолданды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды