Қыс жақындап келеді: 26-28 қарашада Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 26-28 қараша аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына сілтеме жасап Zakon.kz хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр мен қар жауады.

"Республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысындағы жекелеген аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады және жел күшейеді", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Синоптиктердің болжамынша, 28 қарашаға қарай ауа температурасы төмендейді.

Атап айтқанда, елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталық өңірлерінде күндіз ауа температурасы 0…-5 градусқа дейін төмендейді.

Оңтүстік-батыс пен шығыста +5 градусқа дейін жылы болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы +5…+10 градус шамасында сақталады. Ал таулы аймақтарда -5 градусқа дейін аяз болады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Қазақстанның Азаматтық кодексіне қандай өзгерістер енгізу ұсынылды

Президент жанындағы Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына өзгеріс енгізілді