Жәйрем кентінің тұрғынына қатысты сот үкімімен келіспеген прокурор сотталған адамның әрекетін Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша саралауды қате деп танып, апелляциялық өтінішхат түсірді.
Прокуратура қылмыстың аса қатыгездікпен жасалғанын ескеруді талап етті.
Апелляциялық сатыдағы сот прокурордың уәждерін қолдап, ер адамның әрекетін Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы бойынша қайта саралады. Нәтижесінде бас бостандығынан айыру мерзімі 13 жылдан 17 жылға дейін ұзартылды.
Сот актісі заңды күшіне енді.