Ұлытау облысында әйелін аса қатыгездікпен өлтірген ер адамның жазасы 17 жылға дейін ұзартылды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон, судебная система , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2026 18:40 Фото: pixabay
Ұлытау облысында бірге тұрған әйелін өлтіргені үшін 13 жылға сотталған ер адамның жазасы апелляциялық сот шешімімен 17 жылға дейін ұзартылды. Бұған прокуратураның қылмысты аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру деп қайта саралау туралы өтінішхаты негіз болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәйрем кентінің тұрғынына қатысты сот үкімімен келіспеген прокурор сотталған адамның әрекетін Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша саралауды қате деп танып, апелляциялық өтінішхат түсірді.

Прокуратура қылмыстың аса қатыгездікпен жасалғанын ескеруді талап етті.

Апелляциялық сатыдағы сот прокурордың уәждерін қолдап, ер адамның әрекетін Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы бойынша қайта саралады. Нәтижесінде бас бостандығынан айыру мерзімі 13 жылдан 17 жылға дейін ұзартылды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: