BilimClass платформасындағы ақау: компания деректердің сыртқа тарамағанын мәлімдеді

Сурет: gov.kz
BilimClass электрондық білім беру платформасында 27 қарашада болған техникалық ақаудан кейін компания ресми мәлімдеме жасады. Платформа өкілдерінің хабарлауынша, пайдаланушылардың барлық дерегі сақталған, ал ақпараттың сыртқа тарағаны анықталмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компанияның мәліметінше, жүргізілген тексеру нәтижесінде оқушылардың, ата-аналар мен мұғалімдердің деректері толық сақталғаны расталған. Ақау салдарынан кейбір пайдаланушыларға қате көрсетілген ақпарат та қалпына келтірілген. Пайдаланушыларға қосымша әрекет жасаудың қажеті жоқ.

Киберқауіпсіздікті күшейту және қосымша техникалық жұмыстар жүргізу үшін платформаға кіру мүмкіндігі 28 қараша сағат 00:00-ге дейін шектелген.

BilimClass өкілдері пайдаланушылардың деректерін қорғау мен платформаның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету басты басымдық екенін атап өтті. Компания мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын күшейту жұмыстарын жалғастыратынын жеткізді.

Еске салайық, 27 қарашада Қазақстандағы BilimClass электрондық білім беру платформасының жұмысында техникалық ақау болған еді. Мұғалімдер жүйеге бұрын енгізілген үй тапсырмаларының жоғалып кеткеніне шағымданса, басқа пайдаланушылар платформаға кіру және бағаларды көру кезінде қиындықтарға тап болған.

Әлеуметтік желілерде педагогтер электрондық журналдағы мәліметтердің жоғалғанын жазды. Мұғалімдердің бірі өзі сабақ беретін барлық сынып бойынша тоқсанға енгізілген үй тапсырмалары көрінбей қалғанын хабарлаған.

Бұған дейін BilimClass өкілдері техникалық ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеп, кейбір пайдаланушыларға бағалар, сабақ кестесі мен үй тапсырмалары уақытша көрінбеуі мүмкін екенін ескерткен болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қырғызстандық студенттерді заңсыз криптовалюта операцияларына тартқан

Бас прокуратура мәслихат сайлауы қарсаңында мәлімдеме жасады

27 қарашадағы валюта бағамы – Астана мен Алматының ақша айырбастау пункттеріндегі баға

Алматыда бес адамның өмірін қиған өрт туралы жаңа мәліметтер белгілі болды

Тоқаев AI Journey 2026 халықаралық жасанды интеллект конференциясында не айтты