Атырауда мектеп дәретханаларына камера орнатылып, 1 400 баланың құқығы бұзылған

Фото: akorda.kz
Атырау облысының прокуратурасы 4 мыңнан астам баланың жеке өміріне қол сұғылмау және дербес деректерін қорғау құқықтарын қалпына келтірді.

Тексеру барысында мектептерде балалардың жеке мәліметтері ата-аналарының келісімінсіз жарияланғаны және дәретханаларға бейнебақылау камералары орнатылғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, Махамбет ауданындағы З. Ещанов атындағы балалар өнер мектебі 400-ден астам баланың дербес деректерін шетелдік цифрлық платформада жариялаған.

Ал Жылыой ауданындағы №6 мектепте 2 мыңнан астам оқушының жеке мәліметтері ата-аналарының келісімінсіз сабаққа қатысуды есепке алатын бағдарламаға енгізілген.

Сонымен қатар Атырау қаласындағы мектептердің бірінде дәретханаға бейнебақылау камералары орнатылған. Салдарынан 1 400-ден астам баланың жеке өміріне қол сұғылмау құқығы бұзылған. Прокуратура мұндай жағдай балаларға психологиялық және эмоционалдық зиян келтіруі мүмкін екенін атап өтті.

Конституция әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына және дербес деректерінің қорғалуына кепілдік береді. Бұл талаптарды сақтау жауапкершілігі балалардың заңды өкілдерімен қатар білім беру ұйымдарына да жүктелген.

Прокурорлық қадағалау актілерінен кейін анықталған заңбұзушылықтар жойылып, балалардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Кінәлі тұлғалар жауаптылыққа тартылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қырғызстандық студенттерді заңсыз криптовалюта операцияларына тартқан

Бас прокуратура мәслихат сайлауы қарсаңында мәлімдеме жасады

27 қарашадағы валюта бағамы – Астана мен Алматының ақша айырбастау пункттеріндегі баға

Алматыда бес адамның өмірін қиған өрт туралы жаңа мәліметтер белгілі болды

Тоқаев AI Journey 2026 халықаралық жасанды интеллект конференциясында не айтты