JK News агенттігінің жазуынша, оқиға Панчари ауданына қарасты Даранг-Бакал елді мекенінде болған. Зардап шеккендер алдымен жергілікті Панчари ауруханасына жеткізілген.
Кейін науқастар одан әрі ем алу үшін Удхампур мемлекеттік медициналық колледжіне ауыстырылды.
"Шабуыл таңертең болған. Кемінде бес адам жарақат алды", – деп хабарлады жергілікті билік өкілдері.
Қазір билік жағдайды бақылауға алған. Жабайы жыртқыштың елді мекенге жақындауына алаңдаған тұрғындар шенеуніктер мен тиісті қызметтерден шұғыл шара қабылдап, аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті.