Хит емес, бірақ кино: Ерке Есмаханның жаңа бейнебаяны желіні шулатты

Сурет: zakon.kz
Бұл орайда тыңдармандар клиптің фильм сияқты шыққанын айтуда.

Әр әні хитке айналатын Ерке Есмахан бұл жолы тыңдармандарын өзге қырынан таңғалдырмақ ниетте! Әншінің жаңа бейнебаянын тамашалаған жұрт дәл осылай деп ой түйді. Ал өзгеше стильде жазылған ән “Аэропорт” деп аталады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Былтырғы жылы “Қайда” деп жар іздеп, “КЗ жігіт” деп болашақ күйеуін сипаттаған Ерке бұл бейнебаянда сүйіктісін тапқан. Алайда әнші көптен күткен бақытымен тез арада араздасып қалады. Тіпті, ат-құйрығын үзісуге шақ қалады.

Бұл орайда тыңдармандар клиптің фильм сияқты шыққанын айтуда. “Фильм сияқты болғанымен, әніңіз хит болмайды-ау” деп пікір білдірді көпшілік.

Ал Еркенің өзі әр туындысын туған сәбиіндей көретінін айтады.

“Анасы сәбиін құрсағында 9 ай 9 күн көтеріп, бірнеше сағат толғатып, Алладан дені сау, саналы ұрпақ тілеп, туады ғой. Дүниеге адам әкелу жаны нәзік әйел үшін – ерлік! Тура солай, өнер адамы жаңа туындыны дүниеге әкелу үшін идея мен жоспарын бірнеше ай ойында, жүрегінде көтеріп жүреді. Ойдан іске көшкенде нағыз “толғақ” басталады. Туынды дүниеге келген соң оның жарқын болашағына алаңдаушылық болады! Ертең менің кезекті жаңа әнім мен бейнебаяным “Гәкку” арнасы арқылы көрерменге жол тартады! Қобалжып жүрм”, – деп жазды Ерке желідегі парақшасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды