Боянып алған Дәурен Айдарқұлов елді шошытты

Stan.kz
Сурет жарияланған соң желі қолданушылары қызу сынға ала бастады.

Дәурен Айдарқұлов боянған суретін жариялаймын деп елдің ашуын келтірді. Суретті желіге жұбайы Ақбота жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

“Өзім боянбасам да, Дауренді әрлейін деп шештім. Теріс пікір жазатындар үшін айтарым, бұл түсірілім. Қалай былай? Кім әдемірек?”, – деп жазды Ақбота желіде.

Сурет жарияланған соң желі қолданушылары қызу сынға ала бастады. Олардың басым көпшілігі Дәуреннің боянғанын жақтырмай қарсы пікір жазды.

“Қазақтың жігітіне тән әрекет емес. Бояушы, бояушы десе, сақалын бояпты дегендей, енді Дәуреннің боянған қалды ма?”, “Түк жарасып тұрған жоқ, әзіл болса да жігітке тән емес”, – дейді желідегілер.

Бірі бояусыз тұрған Ақботаның әдемірек екенін айтып дауласты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді