Балжан Бидаш КешYou-ден кететінін растады

Stan.kz
Ел арасында Бидашка атанып кеткен Балжан топта 2015 жылдан бері ән салады.

Баян Алагөзова топтың тарқайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарғанымен, Балжан Бидаш КешYou-ден кететінін растап отыр. Бүгінде Балжан топтағы жұмысын шетке ысырып қойып, жеке шығармашылығын дамытуға кірісіп кеткен. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ел арасында Бидашка атанып кеткен Балжан топта 2015 жылдан бері ән салады. Алғаш КешYou-ге қабылданған кезде ол Жұлдыз Өмірғали мен Ақбота Сейітмағамбетпен бір ұжымда жұмыс істеді. Екі бірдей әріптесі топпен қош айтысқанымен, Балжан қыз Баян Алагөзовамен жұмысын әрі қарай жалғастырады. Десе де, Балжан топта ұзаққа дейін ән сала алмайтынын бұрыннан білген. Себебі:

«Кешью» тобына келген кезімде 1-2 жылдай кішкене топқа кірісе алмай жүрдім. Өйткені осы уақытқа дейін кішкентайымнан ән айтып жүргендіктен, жеке әнші ретінде өзімді қабылдап қалғанмын. Көп халық айтып жатты, сен топтың ішінде бөленктеніп тұрасың деп. Оның себебі, осы менің жеке әншілікке үйреніп қалғандығым”, – дейді ол.

Балжан бала арманына жақында қол жеткізбек ниетте. Осы уақытқа дейін сахнаға жеке шығу жайлы жоспарды қанша құрса да, іштегі ойын жүзеге асыруға мүмкіндік болмаған.

«Кешью» тобының жұмысы өте қатал. Продюсеріміздің талабы қатал. Сондықтан өзіндік бір ережелері бар. Сондықтан ондай видео түсіруге болмайды, ән жазуға болмайды, фотосессия жасауға болмайды деген нәрселер бар”, – дейді Балжан.

Бұдан былай Балжан Бидаш жеке әнші ретінде өнер көрсетеді. Бұл Баян басқаратын орталық пен әнші қыздың ортақ шешімі екен.

Ал Баян Алагөзова бұған дейін жаңа құрамды таныстыратынын айтқан еді. КешYou жанкүйерлерін екіұшты ойға қалдырған танымал продюсер күні кеше өз сөзіне қарсы шығып, топтың тарқауы туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты