Димаш Құдайберген өзінің бірінші жеке альбомын шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы әнші Instagram-да хабарлады.
– Бір сағат бұрын менің бірінші жеке альбомым шықты. 37 секунд ішінде альбом платиналық болды. Бір сағатта үш дүркін платиналық болды. Бақыттымын. Тыңдармандарыма үлкен рахмет, менің жетістіктерім – сіздердің арқаларыңызда, – деді Димаш.
Платиналық альбом мәртебесі – сатылған даналарына қарай әр елде әрқалай беріледі: АҚШ-та – 1 миллион дана, Ұлыбританияда – 300 мың дана, Польша, Италия, Испания, Канада, Украинада – 100 мың дана. Ресейде 2018 жылы альбомдар 10 мың данасы сатылғанда платиналық болып есептеледі.
Альбомы шығатыны туралы Димаш үш күн бұрын хабарлаған болатын.