Әнші Жанар Хамитованың қайтыс болғаны туралы бертінде онымен дуэт құрған әріптесі Әбубәкір Ужасов Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шетелдікке күйеуге тиіп, бертінде Отанына оралған Жанар Хамитова жергілікті телеарнаға сұқбат беріп, өз басынан өткен оқиғасымен бөлісіп, қайта шоу-бизнеске оралуда Әбубәкір Ужасовпен дуэт құратынын айтқан еді. Бұл сұқбатында әнші екі баласын күйеуіне, яғни Түркияға тастап кеткенін айтқан. Оған продюсер ретінде Сиви Махмуди қолдау білдірген.
Біз әншінің директорына қоңырау шалдық, бірақ ол әлі ештеңе айта алмайтынын жеткізді.
- Мен бұл туралы әлі білмеймін. Бәрі қоңырау шалып жатыр, - дейді әншінің директоры Абай.
Хамитованың қайтыс болғаны туралы 31 телеарнаның жүргізушісі Анна Данченко да желіде жазба жариялады.
Айта кетсек, бұған дейін Жанар Хамтиова Super star.kz жобасының финалисі, өзімен бұрын дуэт болған, әнші Нұржан Керменбаевқа өкпесі барын айтқан. Одан соң өзін қамқорлығына алған продюсер Сиви Махмудимен ат жібін үзісіп, депрессияға түсіп қалып еді.