Ақтөбеде Амангелді Айталының 80 жылдық мерейтойы құрметіне салтанатты жиын өтті

Баспасөз қызметі
Шарада өңір басшысы профессордың Қазақстанға сіңірген еңбегін атап өтіп, оған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау жеделхатын табыстады.

Ақтөбедегі Жұбанов атындағы мемлекеттік университетте философия ғылымдарының докторы Амангелді Айталыұлының 80 жылдық мерейтойы құрметіне салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбедегі мерейтойлық кешке ақын және драматург Мұхтар Шаханов, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері Әлихан Бәйменов, Ирак Елекеев, ақын әрі жазушы Ханбибі Есенқарақызы және басқа да қонақтар арнайы келді.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин профессор Амангелді Айталы университетке сыйға тартқан кітаптар көрмесімен танысты, сондай-ақ шараға жиналғандар "Хабар" агенттігінің шығармашылық тобы түсірген "Қазақты намысы қайшыласын" атты мерейтой иесінің өмір жолына арналған деректі фильмді тамашалады.

Сонымен қатар, салтанатты кеште Амангелді Айталы туралы 500-ге жуық үздік мақала жинақталған «Рухани кемелдік» кітабының тұсауы кесілді.

Өңір басшысы профессордың Қазақстанға сіңірген еңбегін атап өтіп, оған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау жеделхатын табыстады.

Университет ректоры Бауыржан Ердембеков Амангелді Айталыға "Құдайберген Жұбанов университетінің құрметті профессоры" атағын берді. Өз кезегінде Амангелді Айталы облыс әкімі Оңдасын Оразалинге өзіне танытқан ілтипаты үшін алғысын жеткізді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды