Шешенстанға орамал тағып барған әнші Нәзимаға жерлестері ұрсып тастады

Желі қолданушыларына Black Star продюсерлік орталығының жұлдызы Қазақстанда ашық-шашық жүріп, Грозныйға барғанда беті-басын тұмшалап алғаны ұнамай қалған.

Шешенстанда орамал тағып, өнер көрсеткен әнші Нәзиманың суретін көрген желі қолданушылары оған қатты өкпелеп, ұрсып тастады.

Әншінің Инстаграмдағы парақшасына жүктеген орамалдағы соңғы суретіне жағымсыз пікір жазғандар өте көп. Желі қолданушыларына Black Star продюсерлік орталығының жұлдызы Қазақстанда ашық-шашық жүріп, Грозныйға барғанда беті-басын тұмшалап алғаны ұнамай қалған.

"Не, Қазақстанда жалаңаш жүруге болады, өйткені мұнда ХХІ ғасыр ғой, ал Грозныйда - ХХ ғасыр ма, не?, Неге өйтіп киіндіңіз, ондағы талап сондай ма?, Дініңіз бен өмірге көзқарасыңыз барған жерге қарай өзгеріп отырады ма?, Өзгені сыйлап, өзің дегендерді сыйламайсың ба сонда" - деп жазады ашулы желі қолданушылары.

Айта кетсек, шымкенттік Нәзима Жәнібекова ресейлік "ТНТ-дағы әндер" жобасына қатысып, рэпэр Тиматидің көзіне түскен. Тимати Нәзиманы өз қарамағына алып, шоу-бизнеске араластырып жатыр. Көбіне ол сахналық образға ашық-шашық киімдерді таңдайды.

Сурет - Tengrinews.kz

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: