Алматыда көшеге Герольд Бельгердің аты берілді

Жаңа атауға ие болған көшенің жалпы ұзындығы - 1400 метр. Онда 50-ге тарта жер үй бар.

Алматыда саналы ғұмырында теңі бар, бірақ теңдесі жоқ Герольд Бельгердің есімі көше атауына берілді. Тау самалы ықшамауданында осыған орай шағын салтанатты рәсім өтті, деп хабарлайды

Шараға жазушы, аудармашы, публицист Герольд Бельгердің Ресейден арнайы туған-туыстары мен жұбайы келді. Жиналғандар ол туралы жылы естеліктер айтып, еске алды. Бұл - жазушының атына берілген үшінші қаладағы көше. Осыған дейін, Солтүстік Қазақстанда, Қарағанды облысында көшеге Герольд Бельгердің есімі берілген. Шараға жиналғандар әдеби сыншының есімі мәңгі өшпесе екен деген тілек білдірді.

"Осы көшенің қуанышты азаматтарының бірі ретінде келіп отырмын. Алматы қаласы мәслихатының шешімімен осы әдемі көшеге қазақтың көрнекті жазушыларының бірі Герольд Бельгер есімі берілді. Сөз жоқ, халықтың бүгін көп жиналатын түрі бар. Бельгерді бәрі біледі екен. Олардың көптеген жазуы, шығарған еңбегі, қазақтың арасында жүрген, қазақтың қасиетті салтын өте терең білетін, шығармалары халыққа біртабан жақын", – деді Алматы қаласы Наурызбай ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәдениет КӘРКЕНОВ.

Жаңа атауға ие болған көшенің жалпы ұзындығы - 1400 метр. Онда 50-ге тарта жер үй бар. Көше бойына жаңа тақтайша ілініп қойған. Жалпы Наурызбай ауданында соңғы екі жылда 100 көшеге атау берілген. Өзгеріс кезінде әкесінің де атына көше бұйырғанына қызы Ирина Бельгер шын қуаныпты. Себебі, қазір ол Герольд Бельгердің қолжазбаларын, жеке заттарын жинастырып, мұражайға өткізуді қолға алған.

"Әкеміздің өмірден озғанына 5 жылға жуықтады. 2015 жылдың 7 ақпан күні одан айырылып қалып едік. Қазір қолымыздан келгенше арда есімін ұмыттырмас үшін естеліктер жинастырып жатырмыз. Қолжазбалары бар. Оларды ретке келтіруді көздеп отырмыз, – деді Ирина БЕЛЬГЕР.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: