Димаш 149 млн теңге тұратын эксклюзив қолсағатын көрсетті

Instagram
Эксклюзив қолсағаттың құны - 389 мың 172 доллар, ұлттық валютаға шаққанда ол 149 миллион теңгені құрайды.

Димаш Құдайбергеннің қолынан жарқ етіп көрінген сағатты Швейцария сағат өндірушісі - Jacob & Co компаниясы өздерінің Astronomia коллекциясына жататын эксклюзивті тауар екенін мақтанышпен жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қолсағаттың құны - 389 мың 172 доллар, ұлттық валютаға шаққанда ол 149 миллион теңгені құрайды.

Instagram-дағы INSANE LUXURY ресми парақшасында ерекше қолсағат таққан Димаштың фотосуреті жарияланып, желі қолданушылары оның білегіндегі дүниеге қатты қызыққан.

Ол қызғылт алтыннан жасалған, циферблаттың қақ ортасында 288 қыры бар күннің белгісі тұр, ол оған сфералық пішін беріп тұр. Оны айнала Күн жүйесінің сегіз планетасы да тұр.

Бұл - Jacob & Co компаниясының су жаңа өнімі. Бұл модельдің 44,5 мм корпусында үш тұтқасы бар JCAM19 калибрі бар.

Astronomia Solar CASE раушан түстес алтыныннан және жақұт әйнектен жасалған. Ал сағаттың бауы қолтырауынның қара былғарысынан, ілгегі де алқызыл алтыннан жасалған. 30 метрге дейін тереңдіктегі суға төзімді екен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді