Сағынтаев академик Шериаздан Елеукеновке "Барыс" орденін табыстады

Инстаграм
Шериаздан ағаға ұзақ шығармашылық жылдар тілеймін - қала әкімі.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жазушы және әдебиеттанушы Шериаздан Елеукеновке еліне сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік марапатты тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсыруы бойынша Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев көрнекті ғалым, әдебиеттанушы, профессор Шериаздан Елеукеновтің өңіріне І дәрежелі "Барыс" орденін тақты.

Мемлекет және қоғам қайраткері Шериаздан Рүстемұлы қазақ әдебиеті тарихын, кітаптану мен журналистиканы зерттеуге зор үлес қосты.

"Өзінің 90 жасында да ол әлі жұмыс жасауда. Шериаздан ағаға ұзақ шығармашылық жылдар тілеймін!", - деп жазды Сағынтаев Инстаграмдағы парақшасында.

Айта кетсек, еңбектері қазақ әдебиетінің тарихына, қазақ романының тарихы мен теориясына, мағжантану проблемаларына, кітаптану мен журналистикаға арналған ғалым бүгіндері 91 жаста.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тұрғынның ауласынан 18 келіден астам күміс табылды: ол викингтер дәуіріне тиесілі болып шықты