Алматыда кинотеатр, хайуанаттар бағы, мұражай мен кітапханалар жұмысын уақытша тоқтатты

pictar.ru
Қала бойынша барлығы 608 іс-шара тоқтатылды.

"ҚР-да коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу шараларын күшейту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес ҚР аумағында, оның ішінде Алматы қаласында бұрын жоспарланған іс-шараларды көшіру немесе тоқтату туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласының Мәдениет басқармасы келесі шектеулерді енгізуде:

1. 2020 жылдың 13 наурызынан бастап Алматы қаласының аумағында барлық бұқаралық мәдени іс-шараларды, конференция, семинарлар, көрмелерді өткізуге уақытша тыйым салу енгізілсін;

2. Халықаралық мәдени іс-шараларға бару мақсатында 1А, 1Б, 2 және 3 санаттағы елдерге шығуға шектеу енгізу.

Алматы қаласының Мәдениет басқармасы шаһардың барлық тиісті ұйымдары мен мәдениет мекемелеріне өз ұйымдарының аумағында қажетті құралдармен: санитайзерлер, антисептиктер және коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі жадынамалармен қамтамасыз ету бойынша санитарлық-профилактикалық іс-шараларды күшейту жөнінде ұсыныстар білдірді.

Мәдениет басқармасы бекіткен жоспарға сәйкес 2020 жылдың алғашқы алты айында 40-тан астам іс-шаралар жоспарланған. Оның ішінде, бүгінгі таңда 14-і тоқтатылса, қалған 26 шара ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына ауыстырылды.

Алматы қаласы бойынша мәдени-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес мониторинг жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша наурыз-сәуір айларында мәдени-ойын-сауық ұйымдары бойынша 211, ал театрларда 383 іс-шараларға шектеу қойылды. Қала бойынша барлығы 608 іс-шара тоқтатылды.

Сондай-ақ, бүгінде қалада барлық кинотеатрлар, хайуанаттар бағы, мұражайлар, кітапханалар жұмысын тоқтатты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр