Ермек Тұрсыновпен 41 млрд теңгеге таласқан кім?

t.me/baiterekisonfire
Даудың себебі – 41 млрд теңге. Оны мемлекет Гульнараға емес, "Қазақфильмге" бөлетін болған.

Қазақстан карантинге әлі көшпей тұрған кезде елде бір үлкен дау басталған. Оның жаңғырығы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің брифингінде естілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Нақты айтқанда, "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ Басқарма төрағасы аса ірі мөлшерде пара алды деп күдіктелуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуге, орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызмет) актілеріне қол қоюға көмектескені үшін аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша, сондай-ақ жалпы қамқорлығы пен салғырттығы үшін "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ Басқарма төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Күдікті кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады. Тергеу мүдделері үшін басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске түсірсек, режиссер Ермек Тұрсыновқа қарсы ашық хат түріндегі түрлі арыздар мен шағымдар көптеп жазыла басталды. Бұған шыдамаған Ермек Тұрсынов 10 наурызда жауап қатты, өзіне қарсы бұл шабуылды "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының" басқарма төрағасы Гульнара Сарсенова ұйымдастырып отыр, деп бұрқ еткізді. Даудың себебі – 41 млрд теңге. Оны мемлекет Гульнараға емес, "Қазақфильмге" бөлетін болған. Тұрсыновқа қарсы бұл науқанның артында Ақтоты Райымқұловаға ұқсайтын бір фигура байқалған. Сарсеноваға қарсы іске қоса, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты комитеттердің бірінің бұрынғы және қазіргі төраға орынбасарларының ұсталғаны бар. Соған қарағанда, Райымқұлованың басына бұлт үйіріліп жатыр-ау, деп жазады Байтерек в огне каналының авторы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды