БҚО-да жол апатынан танымал саксофоншы-музыкант жігіт қайтыс болды

әлеуметтік желіден алынды
26 жастағы Дәулет Шамелов жедел жәрдем көлігі келгенге дейін көз жұмған.

25 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы Орал-Индер трассасында болған жол апатынан бес адам зардап шекті, деп хабарлайды zakon.kz.

Уральская неделя басылымының мәліметінше, куәгерлер тас жолда ұялы байланыс болмағандықтан ұзақ уақыт жедел жәрдем көлігін шақыра алмаған.

Көмектің кешігуі салдарынан бір зардап шеккен адам дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болды. Ол батыс өңіріне танымал 26 жастағы музыкант-саксофоншы жігіт Дәулет Шамелов екен.

"Жедел жәрдем көлігін біз бірнеше сағат күттік, көлікте науқасты салатын қарапайым зембіл де жоқ болып шықты. Байғұс дәрігерлер қажетті дәрі-дәрмекті де таппай әбден естері шықты. Ал бір жедел жәрдем көлігі тіпті оқушыларды тасып жүр", - дейді марқұмның досы қатты қынжылып.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды