Hello! Қытай байқауында этникалық қазақ қызы Димаш салған тағы бір әнді орындады

видеодан алынды
Сөйтіп ол жыл соңына дейін созылатын байқаудың соңғы шебіне жетіп те қалды.

"Ән сал! Қытай" телевизиялық байқауында өнер көрсетіп жатқан Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының тұрғыны Мәдина Думанқызы Диаштың орындауындағы тағы бір әнді мақышына сала орындап, келесі кезеңге тағы жолдама алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сөйтіп ол жыл соңына дейін созылатын байқаудың соңғы шебіне жетіп те қалды. 10-турда ол Димаштың орындауындағы Hello әнін шырқап, бақталасынан әлдеқайда басым екенін аңғартты.

Айта кетейік, Мәдина Думанқызы алдында Димаш Құдайбергеннің өзі жазған "Ұмтылмас күн" әнін екі тілде орындап, көрермендер мен қазылар алқасын тәнті еткен. Қытайдың тағы бір этникалық қазағы Мейрамбек Ақсайұлы қобыз бен сыбызғыны әннің мақышына сай керемет орындап, туындыға ерекше реңк берді. Бұл орындау телевизиялық байқаудың 8-бөлімінде көрсетілді.

Тақырыпқа орай: Қытайда қазақ қызы керемет өнерімен көрермендер жүрегін жаулады

Димаш та қалыс қалмай, өз әнін орындаған Мәдинаға желіде жазба арнады:

"Менің әнімді осындай тамаша әнші орындағаны үшін бақыттымын. Керемет орындау, оны қалаған жерінде орындай берсең болады. Сен де бір күні атақты боласың деп үміттенемін!".

Ана тілін жетік білетін Мәдина туралы айтатын болсақ, ол вокалдан бөлек домбыра мен фортепианомен де шұғылданады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды