Қазақстандық дизайнерлер өз туындыларын Сеулдегі сән көрмесінде паш етті, деп хабарлайды "Хабар 24".
Шоу XIII "Корея – Орталық Азия" ынтымақтастық форумы аясында өтті. Пандемияға байланысты іс-шара онлайн режимінде өтті.
Еліміз атынан көрмеге Күнкей сән үйі қатысты. Қыз ұзатуға арналған 19 көйлек ұсынылды. Коллекцияның ерекшелігі – қазақтың ұлттық ою-өрнегі.
Көрмені ұйымдастырушылар – "Корея – Орталық Азия" ынтымақтастық форумы хатшылығының айтуынша, мұндай қазақ ұлттық киімі Сеулде алғаш рет ұсынылып отыр.
Пак Санг Бэ, "Корея – Орталық Азия" ынтымақтастық форумы хатшылығы бас директорының орынбасары:
- Менің ойымша, қазақтың ұлттық киімдері дәстүрлі мәдениеттің сұлулығын жақсы көрсетеді. Осы шоу арқылы корей халқы қазақ киімдерінің бірегей әсемдігін тамашалай алды.
Айжан Байзақова, "Күнкей" сән үйінің өкілі:
- Біз ұлттық ою-өрнектеріміздің үлгісін алып, қазіргі заманауи сәнге лайықтап, өзгертіп жасап жатырмыз.