Өскеменде Амурская көшесі Қанипа Бітібаева болып өзгертілді

altaynews.kz
Бұл менің көптен бері көкейімде жүрген мәселе еді. Бүгін сол мәселенің орайы келіп, оңтайлы шешімі қалалық маслихат отырысында қабылданды - қала әкімі.

Өскемендегі көшелердің біріне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ұлағатты ұстаз Қанипа Бітібаеваның есімі берілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар Facebook-тегі парақшасында жазды.

– Бұл менің көптен бері көкейімде жүрген мәселе еді. Бүгін сол мәселенің орайы келіп, оңтайлы шешімі қалалық маслихат отырысында қабылданды. Амурская көшесін ұлағатты ұстаз, КСРО мемлекеттік сыйлығының лаураеты, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қанипа Бітібаева көшесі деп өзгерту туралы ұсыныс бірауыздан қолдау тапты. Көзі тірісінде көп ісімізге қолдау білдіріп, арқамыздан қағып, ақылын айтқан жан еді. Алдында отырып дәрісін тыңдамасам да, қызметте жүріп тәлімін көрген, тәрбиесін алған Қанипа апайды мен де өзіме ұстаз тұтамын. Ендеше ұстаз шәкірті ретінде ел үшін де, мен үшін де орны бөлек қуанышпен сіздермен бөліскенді жөн көрдім, – делінген жазбада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды