196 колледждің 500 лизенциясы алынып қойды

inform.kz
Бұл колледждердің студенттері басқа оқу орындарына ауыстырылды.

Еліміздің колледждерінің білім беру қызметін мониторингтеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті 196 колледждің 500 мамандық пен 738 біліктілікке қатысты лицензиясын кері қайтарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Лицензияны қайтарудың негізгі себептері мамандықтар мен білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары мен білім беру мекемесінің профилі арасындағы сәйкессіздік болып табылады.

Білім беру бағдарламаларының сапасына қатысты олқылықтар, профессорлық-оқытушылық құрамның жеткіліксіздігі, кадрлардың жетіспеушілігі және оқу процесін жүзеге асыруға қажетті материалдық-техникалық базаның болмауы, оқу-зертханалық жабдықтар және т.б.

Бұл колледждердің студенттері басқа оқу орындарына ауыстырылды, оқытушылар жұмысқа орналастырылды. Біз бұл жұмысты университеттерде де, колледждерде де жасаймыз. Білесіз бе, мемлекет басшысының білім сапасын арттыру туралы нұсқауы бар. Бізде шынымен де жақсы білім беретін көптеген колледж бар, бірақ жағдайлар да кездеседі. Жүйелік шаралардан басқа, мұндай мәжбүрлі шаралар да қабылдануда. Медициналық колледжде қаржыгерлер, бухгалтерлер, бағдарламашылар, ал агротехникалық колледжде мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері, құрылыс колледжінде дене шынықтыру мұғалімдері және т.с.с. дайындалса, қандай сапа туралы айтуға болады. Сонымен бірге тиісті базасы, персоналы мен жабдықтары болмаған, - дейді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр