Айтыскер-ақын Балғынбек Имашев хайп жасаудан аулақ емес, сондықтан соңғы кездері ол танымал ән әуендеріне өлең жазып, оны айтыс додаларында айтып жүр. Бұл жолы ақын Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды сынап, "Той жыры" мақамымен өлең жазыпты.
Ақын оны Instagram-дағы парақшасында жариялады.
"Қой үстіне бозторғай,
Цой жағына жылан жұмыртқаласын!"
Цой жыры
Карантиннің құдірет күші әлдилеп,
Бар әлемнің суылдатқан жүрегін.
Адамдарды ойлайды ма зомби деп,
Екпе салмақ қалдырмастан біреуін.
Қайырмасы:
Цой үстінде қатты күндер, қатты күндер,
Шықпаса екен "наконец!" деп шаттық үндер.
Кім айтады бұл әлемдік қойылымның,
Авторлары нақты кімдер, нақты кімдер?
Вакцинация - боп тұр ажал бесігі,
Біліп алдық Билл Гейтстің ойларын.
ВОЗ дегенің - барлық дерттің есігі,
Орындаушы болмаса екен Цойларың.
Қайырмасы:
Министрлер дәріден жер, маскыдан жер,
Есі дұрыс қалмаған ба жақсы дәргер?
Кім ауырад, кім өледі, қашан өлед,
Шеттерінен бақсы-балгер, бақсы-балгер.
Цой үстінде нақты кімдер, нақты кімдер?
Басқарып тұр әлемдегі БАҚ-ты кімдер?
Жалғандықты жалау етпей журналистер,
Қара қылды қақ тіліңдер, қақ тіліңдер!