Димаштың Ақтөбедегі үйінде болған қырғыз саясаткері желіге видео жүктеді

Димаштың бөлмесі қарапайым жасөспірімдердің бөлмесінен қатты ерекшеленбейді. Бірақ қабырғадағы сурет...

Қырғызстанның бұрынғы мәдениет, ақпарат және туризм министрі Мақсат Чаки Ақтөбедегі Димаш Құдайбергеннің үйінде болып, видео түсірді. Саясат өз видеосымен Facebook парақшасында бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Кездейсоқ дүниежүзілік жұлдыз Димаш Құдайбергеннің өсіп-өнген үйінде болу мәртебесі бұйырды. Ақтөбе қаласы", - деп жазды саясаткер.

Мақсат Чакиев ұялы телефон камерасын қосып, үйді аралап шықты. Әншінің жатын бөлмесі де назардан тыс қалмады.

"Міне, оның суреттері, мына үстелде Димаш сабақ қарап, әндерін шығарған болуы кереке. Ата-анасының суреттері. Мына бір суретте Майкл Джексонға біршама ұқсайды екен. Мынау түрлі халықаралық жарыстарға барғанда сатып алған кәдесыйлары секілді. Домбыра ... Димаштың кітаптары ... ", - деп түсіндіреді Мақсат Чаки видеода.

Димаштың бөлмесі қарапайым жасөспірімдердің бөлмесінен қатты ерекшеленбейді. Сөреде түрлі дипломдар мен сертификаттар тау болып үйіліп жатыр. Шкаф үстінде кішкентай кезінде ойнаған ойыншықтары, көптеген фотосуреттері бар. Димаштың бөлмесінің қабырғасындағы түсқағаздан ғарыш тақырыбына арналғанын көруге болады.

"Қабырғадағы сурет керемет - бұл ғарыш кеңістігі. Шамасы, сол кезде Димаш өзін ғаламды өз талантымен бағындырамын деп әмбебап миссияға дайындаған сияқты", - деп долбарлайды видео авторы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: