Түркістан облысында нұротандық депутат футбол алаңын сыйға тартты

иллюстрация үшін алынды
"Nur Otan" фракциясының депутаты Ғабиден Қапалбаевтың айтуынша, партияның сайлауалды бағдарламасында өңірде спорт нысандарын салу, инфрақұрылымды жақсарту жоспарлары енгізілген.

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Ғабиден Қапалбаевтың демеушілігімен Бәйдібек ауданы, Кеңестөбе ауылында заманауи кіші футбол алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Otyrar.kz-ның хабарлауынша, футбол алаңқайының ашылу салтанатына "Nur Otan" партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсенбай Тәжібаев, облыстың бас имамы Еркебұлан Қарақұлов қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, спортқа жастарды тәрбиелеп, келешек ұрпаққа осындай жағдай жасап отырған Ғабиден Заманханұлына алғысын білдірді.

Салтанатты лента қию рәсімінен кейін ауыл ақсақалы ақ батасын беріп, алаңда ауыл жастары арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Футболды жақсы көретін ауыл жастары үшін бұл тамаша сыйлық. Бұдан былай шынығамын, шыңдаламын деген ауыл жастары үшін бұл алаңқайының есігі әрдайым ашық болмақ.

"Nur Otan" фракциясының депутаты Ғабиден Қапалбаевтың айтуынша, партияның сайлауалды бағдарламасында өңірде спорт нысандарын салу, инфрақұрылымды жақсарту жоспарлары енгізілген. Осы бағытта жұмыс жалғасады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ тілі бизнестің, техниканың, ғылымның тіліне айналуда

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай