Димаш Сочидегі байқаудан тыс демалыс сәтінен видео жариялады

видеодан алынды
Видео әншінің Инстаграмдағы парақшасында жарияланды.

Бүгіндері жерлесіміз, тамаша әнші Димаш Құдайберген Қара теңіз жағалауында өтіп жатқан "Жаңа толқын - 2021" музыкалық байқауына қазылық етіп, Сочиде жүр, деп хабарлайды zakon.kz.

Сочи сахнасында қобыз үнін сызылтып, Димаш атақты композитор Игорь Крутоймен бірге жаңа туынды - Stranger әнін ұсынды. Ал кеше "Fly away" атты тағы бір әнінің тұсауы кесілді.

Бұл байқауға Димаш қарындасы Раушанды ерте барғанын айта кетелік. Әнші Инстаграмына осы байқау сахнасынан тыс сәттегі видеоның бір үзіндісін жариялады. Видеода дастархан басындағы басқосу түсірілген.

Байқауға Қазақстан атынан қатысып жатқан Mezzo тобы үшінші күннің қорытындысы бойынша жалпы есепте бесінші болып келеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды