Украиналық әнші Анна Седокованың карантин кезінде Rixos Aktau қонақүйінде берген концерті көптің наразылығын туғызды, деп хабарлайды zakon.kz.
Маңғыстау облысының әкімдігі Қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөліміне шара қолдану үшін хат жолдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Lada.kz.
Әкімдіктің айтуынша, концертті ұйымдастырушыға айыппұл салынады.
Анна Седокованың концерті Rixos Ақтау қаласында өткен демалыс күндері өтті. Сондай ақ жарнамадан белгілі болғандай, қыркүйекте қонақүйде жұлдыздардың қатысуымен тағы осындай екі шара жоспарланған.
Бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова бес жұлдызды қонақүй аумағында өтетін барлық концерттердің тоқтатылатынын хабарлаған болатын. Rixos Water World Ақтаудың бас менеджері Серік Исағалиев эпидемиологиялық жағдай қалыпқа келгенше қонақүй аумағындағы концерттерге тоқтау салынатынын айтты.
Жайна Тәттімбетова