Қайрат Нұртас әкесінің туған күніне люкс көлік сыйға тартты

Әнші Айқын Төлепберген Қайраттың әкесіне көлік сыйға тартқанын желідегі парақшасында атап өтті.

Қайрат Нұртас әкесінің туған күніне Lexus LX570 автокөлігін сыйға тартты.

Нұртас Айдарбековтың туған күніне туған-туыс, дос-жарандарымен қатар отандық әншілер де келді. Әнші Айқын Төлепберген Қайраттың әкесіне көлік сыйға тартқанын желідегі парақшасында атап өтті.

Сондай-ақ Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында күйеуін жаңа жасымен құттықтап, жазба жариялап, жастық шақтарының, отбасылық суреттерін жариялады.

Бүгін менің өмірлік серігім, арқа сүйер асқар тауым, Нүрекемнің туған күні. 34 жыл қаншама қиыншылығымен қатар қуанышты күндерді бірге сүрдік. Аллаға сансыз шүкір, осындай нағыз ер мінезді, ақ жүрек азаматыммен, соңғы деміміз біткенше бір жастықта абыроймен қартаюды, енді Заңғар ұлымызды үйлендіріп, ұлдарымыз, келіндеріміз аман болып, көп немерелер сүйіп, шөбере-шөпшек сүюді Алла жазсын! Туған күніңмен Нүрекем!, делінген жазбада.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: