Роза Рымбаева мен Иманбек ән жазды

Сурет: instagram/rozarymbaeva
Халық Артисі Роза Рымбаева мен диджей Иманбек бірлесіп ән жазды. Жаңа тректі олар тыңдарманға Наурыз қарсаңында ұсынып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәлірек айтқанда Иманбек пен Роза Рымбаева бірігіп, Халық артисінің орындауындағы әйгілі «Наурыз думан» әніне ремикс жасады. Бұл туралы Роза Рымбаеваның Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланды.

Сіздер үшін жақсы жаңалығым бар. Кім не десе де, мен еліміздің эстрадасында болып жатқан өзгерістерге үлкен мақтанышпен қарап, әрқашанда жас әншілерді, музыканттарды қолдауға дайынмын. Біз Иманбек екеуіміз бірігіп, «Наурыз-думан» әнінің ремиксін халықтың назарына ұсындық. Меніңше серіктестігіміз сәтті шықты. Сіздерге де ұнайды деген сенімдемін. Осындай тынышсыз заманда бір-бірімізге қамқор болайық, мейірімділік көрсетейік, ренішке жол бермейік. Береке көзі – бірлікте, – делінген Роза Рымбаеваның ресми парақшасында.

Сонымен қатар олар барша қазақстандықтарды әз-Наурыз мерекесімен құттықтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев