Чехиядағы концерт: стадион толы жұрт Димашпен бірге ән салды

Сурет: Instagram.com/kudaibergenov.dimash
16 сәуірде Чехия астанасы Прага Димаш Құдайбергеннің концерті өтті. Концерттен кейінгі әсерлерімен бөлісіп Димаш пен оның продюсері - әкесі Қанат Айтбаев сұқбат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

DimashNews-қа берген сұқбатында Димаш жеке концертімен сахнаға оралуы өз үшін сөзбен суреттеп жеткізу мүмкін емес әсер бергенін айтты.

Иә, пандемияның екі жылында мен әртүрлі марапаттар мен фестивальдерде өнер көрсеттім, бірақ жеке концертпен оралу – мүлдем басқа эмоция. Атмосфера көбірек таныс, ерекше. Сондықтан, әрине, барлық Dears-қа маған көрсеткен сүйіспеншілігі мен қолдауы үшін алғыс айтқым келеді. Димаш Құдайберген
Димаш жаңа әндермен белсенді жұмыс істеуде, өз шығармаларын сүйікті тыңдаушыларына тезірек ұсынуға үміттеніп, өз музыкасын жазып жатыр. Бұл әр түрлі тілдердегі әндер, кейбіреулері шетелдік композиторлармен бірлесіп жазылады, - деді Қанат Айтпаев алдағы жоспарларға қатысты пікірінде. 
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді