Димаш Құдайберген Lady Gaga-ның продюсерімен кездесті

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Әнші Еуропадағы турында Лос-Анджелестен арнайы келген продюсермен идеялар мен ортақ жобаларды талқылағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында жазды. Ол әйгілі америкалық продюсер Ральф Саймонды таныстырып, оның Димаштың жеке ән кешіне арнайы келгенін мәлімдеді.

Достар, мен сіздерді бір адаммен таныстырғым келеді. Заманауи мобильді ойын-сауық индустриясының негізін салушылардың бірі, танымал американдық әнші Леди Гаганың продюсері – Ральф Саймон менің Еуропадағы концерттеріме Лос-Анджелестен ұшып келді. Идеялар мен бірлескен қызық жоспарларды талқыладық. Димаш Құдайберген

Ральф Саймон 1970 жылдары тәуелсіз Zomba Group негізін қалаған және оны 20 жыл бойы жетекші тәуелсіз жазба лейбліне, музыкалық баспа үйіне және продюсерлерді басқарушы компанияға айналдырған. Сонымен қатар америкалық музыка артистері Backstreet Boys, NSYNC, Бритни Спирс, Тимберлейк және Джанет Джексонмен келісімге келген.

90-жылдардың ортасында ол Голливудтағы Capitol Records және Blue Note Records компаниясының атқарушы вице-президенті болды және EMI ​​Music-тің жаһандық жаңа медиа бөлімін құрды. 1997 жылы ол Америка, Еуропа, Ұлыбритания, Австралия және Африкадағы алғашқы рингтондар компаниясы болатын Yourmobile (кейінірек Moviso деп аталды) негізін қалады. 2001 жылы Саймон Энтони Стоунфилд, Хилтон Розентал, Шейн Дьюинг және Клифф Бригденмен бірге YourMobile тобын құрды.

Айта кетейік, осы көктемде Димаш Құдайберген Еуропаның бірнеше қаласында және Дубайда жеке ән кешін өткізді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Алматы маңындағы көрікті жерлер