Бұл туралы Mash telegram арнасы хабарлады.
Алла Пугачева Грязь ауылындағы өзінің атышулы сарайын сатылымға қойды. Құны небәрі 1 миллиард рубль. Ол сол үшін, оның үстіне балаларының құжаттарын мектептен алуға Ресейге оралған, деп жазады Mash.
Басылым қымбаттығына байланысты жылжымайтын мүлік әлі сатыла қоймайтынын атап өтеді. Сарайға әншінің жиені (Пугачева) - Никита Пресняков уақытша қарап қалған болатын.
Гарри мен Лизаның сыныптастарының ата-аналарының айтуынша, Алла Борисовна өзінің соңғы сапарында Липковскідегі элиталық 1-ші Мәскеу гимназиясының басшылығынан балаларының жеке іс қағаздарын, сабақ үлгерімі туралы табельдерін, медициналық карталары мен өзге де мадақ-марапат қағаздарын дайындап қоюды талап еткен. Шамасы, соған қарағанда оның бәрін Израильге өзімен бірге алып кететін секілді.
Пугачева балаларымен және күйеуі Максим Галкинмен бірге 2022 жылдың ақпанында Ресейден кетіп қалған. Тамыз айының соңында оның Мәскеуге оралғаны белгілі болды, содан кейін әнші концерт бермейтінін, бірақ өз басына қатысты мәселелерді реттеп алғысы келетінін айтты. Осы келісінде ол әлеуметтік желіде бірнеше сыни мәлімдемелер жариялады, сонымен қатар күйеуінен кейін өзін де шетел тыңшылары тізіміне енгізуді сұрады.