Актриса Назгүл Қарабалина "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алды

Сурет: akorda.kz
Назгүл Қарабалинаға Республика күні қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаевтың 14 қазандағы Жарлығымен еліміздің мәдени дамуына елеулі үлес қосқаны үшін "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ұжымы әріптесі актриса, «Платиналы Тарлан» сыйлығының, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Назгүл Қарабалинаны «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен құттықтады.

Актрисаның өзі де Instagram-дағы парақшасында жағымды жаңалықты бөлісіп, баршаға алғысын білдірді.

Осы күн үшін, осы сәт үшін Аллаға шүкір! Әке-шешелеріме, бауырларыма, Азаматым мен Сұлтаныма, достарыма, театрыма мың алғыс! Жасасын қазақ елі! Жасасын қазақ өнері! Президентімізге көп рақмет, - деп жазды актриса.

Сонымен қатар 22 қарашада Актриса, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген артисі, Қазақстан Республикасының Халық артисі, «Құрмет» ордені, «Еңбек ардагері» медалінің иегері Гүлжан Әспетова «Отан» орденімен марапатталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін