Техаста Migos тобының мүшесі, танымал рэперді әлдекім атып кетті

Сурет: Instagram/yrntakeoff
АҚШ-тың Хьюстон қаласында (Техас) Migos тобының мүшесі, рэпер Takeoff (шын есімі Киршник Хари Болл) оққа ұшты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға әнші Джеймс Принцтің ұлы - промоутер Джаз Принцтің туған күнін тойлау кезінде орын алған, деп жазады OnSmash порталы. Ол өз тобының ең жас мүшесі еді, небәрі 28 жаста болатын.

Рэперлер өз достарымен бірге жабық кеште бас қосқан. Іс-шара тәмамдалғанда достар арасында жанжал туындаған. Кейбір мәліметтерге сәйкес, аталған жайтқа сүйек лақтыру ойыны себеп көрінеді. Жанжалдан кейін атыс болған. Оқ әншінің басы немесе мойынына тигені айтылады, дегенмен бұл ретте нақты ресми ақпарат жоқ.

Атысты кім бастағаны да белгісіз.

Болл Джорджия штатының тумасы. Ол 2008 жылы Маршалл және немере ағасы Киари Кендрелл Сифуспен (Офсет) бірге Polo Club триосын құрды. Үш жылдан кейін топтың атауы Migos деп өзгертілді. Топтың алғашқы хиті - 2013 жылы шықққан Versace әні.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

24 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды