Павлодарда облыстық әкімдік жасатқан инелік мүсінінің мән-мағынасы түсіндірілді

Сурет: pixabay
Павлодарда Гагарин саябағында ерекше туынды - инелік мүсіні бой көтерді. Облыстық әкімдік тарапынан бұл мүсінді инелік түрінде жасау туралы ұсыныс түсіп, тендер жүргізілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек,  Гагарин саябағын  қайта құру жобасы  облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың тапсырмасы бойынша  жүзеге асырылуда. 

Мүсінші Марат Әбілқасымов бұл мүсінді жасау үшін бір ай уақыт кеткенін, инсталляция толығымен металдан, тұғыры тастан, қанаты түрлі түсті органикалық шыныдан жасалғанын айтады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Қалың қауымды "бұл арада неге инелікке таңдау түскен" деген заңды сауал мазалайды.

Әдетте инеліктер пайда  болған кезде адамдар қуана бастайды. Себебі, жәндіктердің бұл түрі шыбын-шіркейлерді жояды. Инелік – қансорғыштармен күресудің символы, - дейді Марат Әбілқасымов.

Мүсіншінің айтуынша, ол бұл мүсінді серіктесі Виктор Тотариновичпен бірге дайындаған. 

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды