Қазақстан қалаларында кинотеатрға бару қанша тұрады

Сурет: pixabay
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы желтоқсан айында еліміздің кинотеатрларындағы бір билеттің орташа бағасы 1860 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Басқа өңірлерге қарағанда, кинотеатр құны атыраулықтардың қалтасына көбірек салмақ салып тұр. Мұнда киноға бару 2683 теңге тұрады. Екінші орында – Шымкент – 2637, үшінші қымбат қала – Түркістан. Мұнда кино билетінің орташа бағасы – 2598 теңге.

Ең жоғары баға Ақтөбе, Өскемен және Көкшетау қалаларында да тіркелді. Бұл қалаларда киноға билет 1900-2500 теңге аралығында сатылады. Басқа өңірлерде баға 1350-1850 теңге аралығында.

Киноға кіру құны Таразда арзанырақ болып шықты. Мұнда киносүйер қауым бір сеанс үшін орта есеппен 1321 теңге төлейді.



Қазақстан
Атырау
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Министрліктер мен мемлекеттік органдардың МКК органдарына мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі бекітілді