Марат Омаров голливудтық киноға түсіп, Айды аспанға бір-ақ шығарды

Сурет: Instagram/zarina_omarova_official
ҚР еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, танымал әнші әрі сазгер Марат Омаров АҚШ-та голливудтық фильмге түсіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы өнер тұлғасының қызы Зарина Омарова Instagram-дағы парақшасында жазып, баршадан сүйінші сұрады.

"Сүйінші, Қазақ елі!!! Менің әкем АҚШ-тағы Голливуд киноиндустриясында шытырман оқиғаға толы "Малена" фильміне түсуде. Негізі әкемнің үнемі ізденімпаздығына таң қаламын. Бір орнында отырмай жаңа дүниелерді ашып жүреді. Әкем үшін қатты қуаныштымын. Сізге шығармашылық табыс тілеймін. Қазақ елін жағымды жаңалықтармен таң қалдырудан, қуантудан шаршамаңыз", делінген жазбада.

Сондай-ақ осы парақшада жарияланған видеода Марат Омаровтың өзі фильм жайлы қысқаша мәлімет береді.

"АҚШ-тағы Голливуд киностудиясында түсіріліп жатқан "Малена" кино туындысына актер ретінде шақырту алдым және қазіргі уақытта түсірілім жұмыстары жалғасуда. Кинода Мексикадан Америка шекарасына өтпек болған Малена есімді қыздың басынан өткізген қиындықтары суреттеледі. Алдағы түсірілім барысымен осында бөлісіп отыруға тырысамын”, – дейді Марат Омаров.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы