Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереже әзірленді

Үкімет "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" қаулы әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен қайта құрылған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереже әзірленді.

Құжат бойынша, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, ономастика, креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, ақпарат, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық және этносаралық келісім, ақпаратқа қол жеткізу салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып саналады.

Министрліктің мынадай ведомстволары бар:

  1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
  2. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
  3. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
  4. "Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
  5. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
  6. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
  7. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

Міндеттері:

мынадай салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру:

Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

Құжат 18 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігін қайта құру Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес іске асырылады.

2 қыркүйекте Аида Балаева Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: