Димаш 20 жастағы блогер, модель әрі әнші қызға үйленді

Сурет: abilovva_mиdimash_kashken
Қарағандының "Шахтер" клубының футболшысы Дінмұхамед (Димаш) Қашкен желідегі парақшасында қалыңдығы - блогер, модель әрі әнші Мерей Әбіловамен мешітте түскен суреттерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өмірлерінің ең маңызды әрі мәнді тұсында түсірілген суреттерін жас жұбайлар 2023 жылы 25 қыркүйекте Instagram-дағы парақшаларында бөлісті.

23 жастағы Дінмұхамед пен 20 жастағы Мерей үйлену тойынан бұрын алдын ала мешітте некелерін қиғаны белгілі болды.

"23.04.23. Бұл күні етегінен ұстадым ең мықты ер жігіттің, сөйтіп қалыңдық атандым", деп жазды Әбілова парақшасында.


Айта кетсек, Дінмұхамед Қашкен 2023 жылдың наурыз айында Парижде Мерей Әбіловаға сөз салып, ұсыныс жасаған болатын. 


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

Конституциялық сот тұрғын үй төлемдерін қайта алуға тыйым салуды заңды деп таныды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы